USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Нұртас Адамбай «Келинка Сабинаны» аукционға шығарды 

Қазақстандық шоумен, режиссёр Нұртас Адамбай қайырымдылық жасау мақсатында «Келинка Сабина» қуыршағын аукционға шығарды. Қаржы ойыншық авторын емдеуге жұмсалады, деп хабарлайды Вaq.kz.

Нұртас Адамбай аукцион жарияланғанын Instagram әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, қуыршақты Анар Лепесова жалғыз данамен жасаған.

«Қуыршаққа фильм кейіпкерлерінің қолтаңбасы қойылады. Жиналған қаржы жүйелі терінің қатаюынан (системная склеродермия) зардап шегетін Анардың өзінің еміне жұмсалады. Бастапқы баға – 20 000 теңге. Әр қадам –10 000 теңге. Өз бағаңызды жазыңыз. Иманды азаматтар табылады деген үміттемін. Үш күннің ішінде, 22 қазанға дейін ең көп сома ұсынған адам ғажайып қуыршақты иеленеді», - деп жазды ол.

Аукцион сондай-ақ аукцион режиссёрдің Facebook-тегі парақшасында да өткізіледі.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады