BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 342.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.85 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.51
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жолаушыларға арналған арнайы жол іске қосылады

Нұрсұлтан Назарбаевхалықаралық әуежайы орынтұрағында жолаушыларды отырғызу мен түсіруге арналған арнайы жол желісі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Арнайы жол желісі 2018 жылғы 21 шілдеден бастап жұмыс істей бастайды.

Астанада әуежайдың вокзал маңы алаңында бөлек кіру жолы бар арнайы жол желісі жайластырылды.

Еске сала кетейік, әуежай орынтұрағының арнайы жол желісін ұйымдастыру туралы тапсырманы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында көлік мәселелері жөніндегі көшпелі мәжіліс барысында Астана әкімі Әсет Исекешев берген болатын.

Бұл жаңалықты ұйымдастыру Астана тұрғындары мен қонақтары үшін әуежайдың вокзал маңы алаңының жайлылығын арттыру, сондай-ақ қарсы алушылар, шығарып салушы және жолаушылардың уақытын үнемдеу мақсатында тапсырылған.

Әуежай аумағындағы орынтұрақ кеңістігі былайша ұйымдастырылған:

«Арнайы жол желісі Т1 мен Т2 терминалдарынан аяқ жетім жерде орналасқан және ол 4 жолақтан тұрады – автокөлік қозғалысына арналған 2 жолақ, жолаушыларды отырғызу мен түсіруге арналған 2 жолақ. Орынтұрақтың арнайы жол желісіне Қабанбай батыр даңғылымен 6 кірер шлагбаум арқылы кіреді. Шығар тұста 5 шығар шлагбаумы бар. Орынтұрақ ақысын төлеуді жеңілдету үшін арнайы жол желісінен шығар тұста 3 паркомат қойылған. Тағы 2 паркомат Т1 терминалында және Т2 терминалы жанында орнатылған», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, орынтұрақтың арнайы жол желісі аумағында автомобильдердің қозғалысын тиімді реттеу үшін автокөлікті тұраққа қоюшы диспетчерлер жұмыс істейді.

Негізгі автотұраққа кірер жол да 4 кірер шлагбаум арқылы Қабанбай батыр даңғылындағы қозғалыс бойынша орналастырылған. Шығу – қозғалыс бойынша 5 шығар шлагбаум арқылы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер