USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Нұргүл Докуованы ата-ана құқығынан айыру жөніндегі сот процесі тоқтатылды  

Нұргүл Докуованың қыздары – тоғыз жасар Айғаным мен үш жасар Айлинге қатысты сот-психологиялық сараптама жасалады. Бұл туралы сотта әйелдің бірге тұрған жігіті, Айлиннің әкесі Ермұрат Қасымов өтініш жасады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Сараптама бір айдың ішінде жасалады. Мамандар отбасында болған оқиға балаларға қаншалықты әсер еткенін анықтайды. Білім бөлімінің Докуованы ата-ана құқығынан айыру жөніндегі талап арызын қарау тоқтатылды», – деп атап өтті Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Гүлнұр Мұхаметжанова.

Бұған дейін өзінің кіші қызын аяусыз ұрып, оны видеоға түсіріп алған 34 жастағы Нұргүл Докуова мен балалардың әжесінен жауап алынды.

Нұргүл Докуова соттың алдында тізерлеп кешірім сұрады.

«Мен өз балаларымды ешқашан ренжіткен емеспін. Кінәлі екенімді білемін. Бір рет қана қол жұмсап едім. Енді ешқашан балаларымды ұрмаймын. Балаларымды тартып алса, өмір сүргім келмейді!», – деді ол.

Ұқсас сілтемелер:
08 Желтоқсан 2016, 15:45
Ғасыр құрдасы Қонысбек ата
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады