USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Ninety One тобының концертінен жезқазғандықтар да бас тартты

Жас әншілерден құралған Ninety One тобы бүгінде ел аузындағы негізгі тақырыптардың бірі. Аталған топтың сән үлгісі мен сахнадағы өнеріне наразы азаматтар елдің әр түкпірінен шығып жатыр. Ninety One-ның ертең Жезқазған қаласында өтуі тиіс концертіне де рұқсат берілмепті, деп хабарлайды Qamshy.kz.

19 қазан күні Жезқазған қаласының Мәдениет және халықтар достығы үйінде Ninety One тобының концерті өтуі керек болған. Алайда, қала әкімдігіне тұрғындар атынан аталған концерттің өтуіне тыйым салу туралы 350 адам қол қойған хат жолданған. Хат авторлары топтың ұстанымдары бала тәрбиесіне кері әсерін тигізетінін айтқан.

Әкімдік тұрғындардың өтінішін қанағаттандырып, топ концертін өткізуге рұқсат бермеген.

«Халық қарсы болып, жүзден аса адам хат жолдады. Қала тұрғындарының өтінішімен санасып, аталған топтың ертеңгі концертін өткізуге рұқсат берілмеді», - дейді Жезқазған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлден Жандильдинова.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады