USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Назарбаев бұдан былай тек қана отандық сағатты тағатын болды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Жастар форумында қарағандылық жас кәсіпкер Арман Тоқсанбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа отандық сағат сыйлады, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

"Мен - жас кәсіпкермін. Қазір 25 жастамын, Тәуелсіздіктің құрдасымын.Жеке өзімде 4 компания бар. Оның біреуінің өзі жылына 168 млн теңге табыс табады. 33 жұмыс орнын қамтамасыз етіп отыр. "Отан" брендімен сағат жасайтын кәсіпорным "Қазақстанда жасалған" жобасын іске асыруға үлес қосуда. Сіздің тапсырмаңызбен жүзеге асырылып жатқан "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының арқасында біздің кәсіпорын зор серпін алды. Сол себепті Сізге зор алғыс айта отырып, Сізге арнап жасаған қол сағатты сыйға тартпақпыз", -деді жас кәсіпкер.

Арман Тоқсанбаев Президенттің қолына сағатты өзі тағып берді. Елбасы өз кезегінде алдағы уақытта тек отандық сағат тағатынын айтты.

"Енді тек өзіміздің отандық сағаттарды ғана тағамыз. Швейцария сағатын ұмытамыз",-деді Н. Назарбаев.

Айта кетейік, Форумға еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт салаларының 1000-нан астам белсенді жастары қатысуда. Елбасы жастарды бүгінгі мерекемен құттықтады. Тіпті Елбасы жастардың көңілін көтеру үшін оларға әзіл де айтып берді. Сонымен бірге қазіргі жастардың бизнеспен айналысып жүргенін де атап өтті.

Ұқсас сілтемелер:
03 Желтоқсан 2016, 22:23
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ...
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады