BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Мүліктің меншік иелері бірлестігінің нормалары басқа елдерде қалай жазылған?

Алматыда «Орталық Азия елдерінде тұрғын үй қорын жаңғырту, күтіп ұстау және басқару» тақырыбында халықаралық конференция өтті. 14 елден 100-ден астам сарапшы Орталық Азия елдерінде және одан тыс жерлердегі өзекті тұрғын үй мәселесін талқылау үшін жиналды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Конференция аясында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау мақсатында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ұсынған «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға түзетулер енгізуге қатысты мәселелерді талқылады.

Заң жобасының жаңалықтарының бірі - әрбір көппәтерлік үйде коммерциялық емес ұйым формасында мүліктің меншік иелерінің бірлестігін құру арқылы басқарушы органдардың қызметін реттеу болып табылады. Германиялық әріптестер өздерінің тәжірибелерімен бөлісті және өздерінде тұрғын үйді басқару мәселелері қалай шешілетінін айтып берді.

Германияның DDIV басқарушы компанияларының Үйлестіру одағының кеңес мүшесі, Германиядағы VEGIS басқару және сервистік компаниялар тобының директоры Вернер Меркельдің ақпараты бойынша, Германияда мемлекет тұрғын үйді басқару мәселелеріне араласпайды және меншікиелері кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, шатырлар, жертөлелер, учаске мен басқа да ортақ қолданыстағы ортақ және жеке мүлікке толық жауапкершілікті өздеріне алады.

«Тұрғындар меншік иелерінің мүддесін қорғап, үйді күтіп ұстаудың маңызды мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдайтын тұрғын үйдің меншік иелерінің бірлестігін құрады. Үйді басқару үшін тұрғын үйдің меншік иелерінің бірлестігі кәсіби менеджерді немесе басқарушы компанияны жалдап, келісім жасайды және оның қызметін бақылайды. Бұл ретте, егер басқару органының жұмысы меншік иелерін қанағаттандырмаса олар әрқашанда басқа компанияны жалдай алады», - деп атап өтті Венер Меркель.

Бұдан басқа, Германияда жалпы жиында меншік иелерініңдауыс беруінің 2 түрі бар. Бірінші – үй-жайдың (пәтердің) әрбір меншікиесі бір дауысқа ие болғанда. Екінші – меншiк иелерiне тиесiлi мүлiктiң жалпы алаңына тең дауыс саны болған кезде. Бұл жерде тұрғындар нұсқалардың кез-келгенін таңдауға құқылы.

Біздің жақын көршілерімізге келетін болсақ, Ресей Федерациясының Тұрғын үй кодексінде «жалпы жиналыста ортақ мүліктік меншік құқығындағы дауыс беруші нақты дауыс береді. Өйткені, осы үйдегі үй-жай иелерінің жалпы жиналысында көппәтерлі үйдегі пәтердің әрбір иесіне тиесілі дауыстардың саны осы үйдегі ортақ меншікке ортақ иелену құқығындағы үлесімен пропорционалданады». Яғни, меншік иесі неғұрлым үлкен алаңы болса, жиналыста оның дауысы соғұрлым көп болады.

Бүгінде Қазақстанда заңдағы жаңа түзетулерге байланысты меншік иелері оларға тиесілі мүліктің жалпы алаңына тең дауыс санына ие болатын дауыс беру мәселесі белсенді талқылануда.

Айта кету керек, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулен енгізу туралы» Заң жобасы аясындағы жұмыстар ҚР Парламентінің Мәжілісінде жалғасады.

Барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, «Атамекен» ҰКП, тәуелсіз қауымдастықтардың, кәсіподақтардың және тұрғын үй секторындағы сарапшылардың қатысуымен Жұмыс тобы құрылады. Заң жобасындағы тартысты тұстарды осы Жұмыс тобы қарайтын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер