BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Мүгедектер медициналық қызметтерді еркін алу үшін кедергісіз орта құрылады – Елжан Біртанов

Тегін медициналық көмек аясында әлеуметтік осал топтар мен қорғалмаған адамдар, оның ішінде мүгедектер диагностикалық зерттеудің қымбат түрлерін алуға құқығы бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мүгедектерге медициналық көмек көрсету денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР Кодексінің 34 бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көмегінің шеңберінде жүзеге асырылады.

«Медициналық ұйымды еркін таңдау қағидаты бойынша олар кез-келген медициналық ұйымда амблуаториялық және стоционарлық медициналық көмек алуға құқығы бар. Амблуаториялық емханалық көмек көрсету кезінде дәрімен қамтамасыз етуде бекітілген дәрілік заттардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. Тегін медициналық көмектің аясында әлеуметтік осал топтар мен қорғалмаған адамдар, оның ішінде мүгедектер диагностикалық зерттеудің қымбат түрлерін алуға құқығы бар», - дейді ол.

Сонымен қатар ол, халыққа медициналық оңалтуды көрсетуді ұйымдастыру бекітілген стандарттарына және қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту қағидаларына сай жүргізілетінін жеткізді. Және ол кезең-кезеңімен тегін медициналық көмек кепілдік көлемінде көрсетіледі екен.

«Қазіргі уақытта елімізде 192 қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары жұмыс істейді. Олардың 129-ы мемлекеттік және 63-і жеке меншік ұйымдар. 2017 жылдың қорытындысы бойынша бекітілген норматив 25-ке тең болған кезде халықтың оңалту төсектермен қамтамасыз етілуі 10 мың адамға шаққанда барлығы 1,4 төсекті құрады. Бұл ретте оңалту және қалпына келтіру емдерімен қамтамасыз етудің айтарлықтай жеткіліксіз болуы байқалады. Қазір жеке меншік әріптестік шеңберінде 3 оңалту орталығы ашылды, сондай-ақ 18,7 млрд теңге сомасында 5 жергілікті мемлекеттік жеке меншік әріптестік жобалары жоспарланып отыр. Осыған байланысты облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері оңалту көмегінің қолжетімдігін жақсарту үшін қосымша оңалту орталықтарын ашу жөніндегі қажетті шаралар қабылдауы қажет», - дейді министр.

Жиын барысында ол, денсаулық сақтау ұйымдарында мүгедектердің медициналық қызметтерді еркін алу үшін кедергісіз орта құру бойынша шаралар қабылданып жатқандығын ацйтып өтті.

«Мониторинг пен бақылауды Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті жүзеге асырады. Сонымен қатар, әкімдіктердің денсаулық сақтау ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта құру басымдығына назар аудару қажет. Медициналық әлеуметтік сараптаманы Еңбек әлеуетті қорғау және көші-қон комиететінің аумақтық бөлімшелері амблуаториялық емханалық ұйымның жолдамасы бойынша жүргізеді», - деді ол.

Сондай-ақ ол, мемлекеттік қызметті автоматтандыру аясында Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйелерін және Денсаулық сақтау министрлігімен интеграциялау жөніндегі пилоттық жобасы іске асырылып жатқанын айтып өтті.

«Бұл қызмет берушімен, қызмет алушының байланысын болдырмаңға және мемлекеттік қызметті көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, медициналық әлеуметтік сараптамаға жіберу кезінде науқастардың кейбір санаттары үшін бірнеше проблемалар бар, олардың обективтік мәртебесіне, диагнозына және ауру ағымының ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін мүгедектіктің қайта куәландырудың немесе өмір бойы берудің қысқа мерзімдері белгіленген. Сонымен қатар бейімді мамандардың қажетті зерттеп, қарауымен консультация тізбесінің үлкен көлемі бұл науқастың бағытын қиындатады және ұзартады. Осыған байланысты мүгедек тобы және кәсіптік еңбекке қабілеттілік деңгейінің дәрежесін қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленетін қайтымсыз онатомиялық ақаулардың тізбесін кеңейтуді ұсынамыз», - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер