BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.48
Астана:

Молдовалық бизнесмен өз әрекеті үшін жауап береді – Әділет министрлігі

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев Лондон Жоғарғы сотының Анатолий Статидің Қазақстанға қарсы істі тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырмауға қатысты шешіміне түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Әділет министрлігінің пайымынша, Анатолий Стати сот шешімі өз пайдасына шешілмеуі мүмкін деген күдікпен Қазақстанмен сот дауынан шығуға тырысты.

«Мүмкін кейбіреулер аса маңызды еш нәрсе болған жоқ деп қорытынды жасап жатқан шығар. Себебі сот 2018 жылдың күзіне жоспарланды және сол кезде өтеді. Алайда бұл жерде маңыздысы Статидің сот процесінен шыққысы келгені. Яғни, ол қандайда бір себептерге байланысты бұл процестен шыққысы келді, мүмкін сот өз пайдасына шешім шығаратынына күмәнданған шығар. Айтпақшы бұл туралы судьяда өз шешімінде айтты. Бізге бұл не береді? Бұл соңында Стати өз әрекеттері үшін жауапқа тартылады деген сенім береді», – деп түсіндірді министр.

Бекетаев толықтырып кеткендей, осыған қарамастан Стати процеске қатысуға міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Британ соты 20 млрд доллар қазақстандық активтердің Батыста тыйым салуына алып келген молдовалық бизнесмен мен Қазақстан арасындағы дау сотқа қайта жіберілуі керек деп хабарланған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер