BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Министрлік шопыры қызметтік көлікпен ұрлық жасауға барған

Фото: ғаламтордан

Күдікті ретінде ұсталған Денсаулық сақтау министрлігінің жүргізушісі қызметтік көлікті пайдаланып, ұрлық жасаған. Бұл туралы Астана Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға үйдің жанында тұрған «Камаз» көлігінен белгісіз біреулер аккумуляторды ұрлап кеткені жөнінде арыз келіп түседі. Осындай шағыммен тағы да бір жәбірленуші «көліктен 2 аккумуляторды ұрлап кетті» деп хабарласады.

«Астана қаласы ІІД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала мекемесінің бірінде жүргізуші болып жұмыс істейтін 31-жасар Ш есімді азаматты ұстады. Ол ұрланған заттарды қызмет көлігін (шағын автобус) пайдаланып шығарған», - деп мәлімдеді департаментте.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ұсталған күдіктінің бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер