BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 342.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.85 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.51
Астана:

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мыңға жуық бала Астанаға экскурсияға келеді

Фото: welcometoastana.kz

«Астана – менің Отанымның елордасы» атты әлеуметтік жоба 4 маусымда бастау алып тамыз айында аяқталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, 9 шілде күні Астана әкімдігі «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС тұлғасында «Астана – менің Отанымның елордасы» арнайы әлеуметтік жобасының аясында Маңғыстау облысынан келген балаларға (36 адам) үш күндік экскурсия ұйымдастырды.

Осы жобаның арқасында еліміздің барлық аймағынан Астанаға мыңға жуық жетім бала, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасыдан шыққан, көпбалалы отбасыдан шыққан, мүмкіндігі шектеулі балалар келеді. Қазірдің өзінде елордаға төрт жүзден астам бала келіп, қаламен танысып қайтқан..

Экскурсиялық бағдарламаға қаламыздың көрнекті орындары мен балалар ойын-сауық объектілері енген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер