BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Меморгандардың жартыжылдық жұмыс қорытындысы шығарылды

Фото: 24kz

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі департаменті астанадағы мемқызмет бақылауы, мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік органдардың жұмыс қорытындысына арналған, оның ішінде мемқызметкерлердің этикалық норманы сақтауы және 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында жемқорлықтың алдын алуға арналған кеңейтілген жиын өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

МҚАСЖ департаменті басшысы Жазира Жылқышиеваның төрағалығымен өткен жиынға астананың мемлекеттік орган басшылары, аудан аппаратының әкімдері мен мәслихаты қатысты. Кездесу барысында меморгандар персоналын басқару қызметінің жұмысын шешу жолдары мен проблемалары айтылды.

Сондай-ақ жиында қалалық департамент басшысы ХҚКО кезекке тұру бойынша ұсыныс енгізді.

«ХҚКО-да адамдардың көп жиналып қалмасы үшін мемлекеттік қызметкерлер мен ведомствоға қарасты ұйымның қызметкерлерін «Азаматтарға арналған үкіметпен» бірлесіп ЭКСПО ауданындағы жаңа ХҚКО-да қызметкерлерді оқытудың кестесін бекітеміз. Енді оқытуды жүргіземіз. Өзімнен бастап оқуға барамыз», - деді Жазира Жылқышиева.

Ол сонымен қатар электронды форматта мемқызметті пайдалану бойынша мемқызметкерлерді оқытуға бір ай кететінін айта кетті.

Шараның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласында және жемқорлыққа қарсы заң талаптарын орындап, қатаң сақтау керектігі айтылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер