USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Мемлекеттік қызметшілерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайды

Мемлекеттік қызметшілерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайды. Тек олар жұмыс уақытын тиімді пайдалануды үйренетін болады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жұмыс уақытын бақылау тетіктері бойынша өткен аптадағы брифингте түсіндірілді. Яғни, ешқандай тетіктер енгізілмейді. Біз қазіргі уақытта мемлекеттік басқару академиясы аясында оқыту курсы, былайша айтқанда, тайм-менеджмент енгізілді. Оның аясында әрбір мемлекеттік қызметші өзін-өзін тәртіпке салу, өз жұмыс уақытын бақылау дағдыларын үйренеді. Тиісінше, ешқандай жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды. Заңды түрде шай ішуге немесе темекі тартуға ешқандай талаптар қойылмайды», - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Осыған дейін Айгүл Шайымова мемлекеттік органдарда қызметкерлердің шай ішу мен темекі тартуға жұмсаған уақыты есептелетінін мәлім еткен болатын.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады