BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми өкілі ауысты

Фото: kyzmet.gov.kz

Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мекеменің жаңа ресми өкілін таныстырды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Алик Шпекбаевтың бұйрығына сәйкес, ресми өкіл – агенттіктің қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті директорының орынбасары болып Жанна Бастарова тағайындалды.

Бұрын бұл лауазымда қызмет еткен Нұрлан Жахин агенттіктің Павлодар облысы бойынша территориялық департаменті басшысының орынбасары болып ауысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер