USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi А.Мұхамедиұлына тағылған айыпқа қатысты пiкiр бiлдiрдi

Фото: ortcom.kz

Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлына тағылған айыпқа қатысты пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды Bаq.kz тiлшiсi.

«Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында жаңа этикалық кодекс қабылданды. Оның талаптарының бiрi - мемлекеттiк қызметшiге айып тағылса, сот тәртiбi бойынша тағылған кiнәнi жоққа шығаруы тиiс. Бiздiң бiлуiмiзше, министр тиiстi шараларды қолға алып жатыр», - дедi бүгiн баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова журналистердiң сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейiк, бұған дейін министр Арыстанбек Мұхамедиұлы «қырындады» деп бiрнеше әйел мәлiмдеме жасаған болатын.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады