BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Мемлекет Тұран жолбарысын қайтару жобасын қаржыландыра бастады

Фото: Фото: inform.kz

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте QazaqGeography басқарушы кеңесінің төрағасы Қанат Байғарин Тұран жолбарысын қазақ жеріне қайтару жобасы бойынша дайындық жұмыстары жүргізіле бастағанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бұл бастама 2013 жылдан бері талқыланып келеді. Биыл мемлекет тарапынан нақты қолдау жасалды. Бюджет нақтыланды. Осылайша, біз Тұран жолбарысы реинтродукциясын бастап отырмыз. Бұл – оңай шаруа емес. Осы жылдан бастап, Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландыру шараларын бастайды. Осыған дейін Үкімет тек дайындық шараларына ғана қатысты. Ал енді ол қаржыландыруды қолға алғалы отыр», - деді ол.

Қанат Байғариннің айтуынша, қазақ жеріндегі соңғы Тұран жолбарысы 1950-жылдары атылып тасталған. Алайда маманның пікірінше, жыртқыштың популяциясын жаңғырту үшін алдымен азық-түлік мәселесін шешіп алу керек.

«Жолбарысқа қорек болатын жан-жануарларының популяциясын ретке келтіру қажет. Ал жануарлардың санын арттыру үшін жем-шөп те жақсы өсуі шарт. Тұран жолбарысы күніне 20-200 келі ет жейді. Сондықтан Іле-Балқаш резерватында қажетті қоректің көлемі болуы шарт», - дейді төраға.

Осы орайда ол аталған мәселені шешу үшін қандай жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты.

«Бастапқыда резерваттың территориясын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оған қоғамдық ұйымдардың қыруар қаражаты жұмсалды. Қазақстанның географиялық қоғамы да атсалысты. Біз резерват территориясын xалықаралық сараптау шараларына қолдау білдірдік. Әрине, басты міндет - мемлекетті тарту. Себебі мемлекет болмаса, аталған бастаманы іске асыру мүмкін емес. Биыл республикалық бюджеттен 120 млн теңге бөлінді. Бұл қаржы резерват территориясын жасақтауға жұмсалады», - деп түйіндеді сөзін Қанат Байғарин.

Айта кетейік, Іле-Балқаш резерватының жалпы ауданы – 423 мың гектар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер