Маңғыстау тұрғындары құлынды өлім аузынан құтқарып қалды - Қоғам|16 Мамыр 2018, 19:04
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Маңғыстау тұрғындары құлынды өлім аузынан құтқарып қалды

Фото: wallpapers.99px.ru

Маңғыстау өңірінде саяхаттап жүрген Aktau Off Road клубының мүшелері жұмыр тастардың арасынан шыға алмай жатқан құлынды құтқарып қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Клуб мүшелері тастардың арасынан шыға алмай жатқан жылқыны көрген. Дәрменсіз жануар жан-жағын қоршаған жұмыр тастардың ортасында қимылсыз күйде арқасымен жатқан. Ер адамдар оны құтқарудың жолын тауып, тастардың бірін арқанмен орап, көліктің көмегімен тартып, жануарды босатқан.

Құтқарылған құлын бір сілкініп алып, алды-артына қарамай шаба жөнелді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер