Мәдениет саласындағы деректерді біріктіретін е-culture порталы іске қосылады - Қоғам|13 Маусым 2018, 13:37
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Мәдениет саласындағы деректерді біріктіретін е-culture порталы іске қосылады

Фото: primeminister.kz

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы мәдени мұраларды цифрландыру қалай жүзеге асып жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мәдени нысандарды цифрландыру жұмыстарын Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық музей атқарады. Аталған ұйымның басшылығымен белгіленген бағдарлама анықталды. Бүгінде «Қожа-Ахмет Яссауи» кесенесін, Ұлытау қорығындағы «Жошы хан» кесенесін, Тараздағы «Айша Бибі» кесенесін цифрландыруға арналған пилоттық жобалар әзірленді», - деді Райымқұлова.

Ол мәдени мұраның жылжымалы және жылжымайтын екі түрі барын айтып, ең алдымен жылжымайтын тарихи ескерткіштер цифрландырылатынын атап өтті.

«Бұл бағдарлама мәдени мұраны сақтауға және қолданбалы ғылыми зерттеуде өте маңызды, себебі цифрландырылған нысандарды барша әлемге көрсетуге, 3D тур ғана емес нағыз эффектілерді қосу арқылы Жердің кез келген нүктесінде сол жерге барып-келгендей әсер беру үшін өз елімізге тартуға бағытталған», - деді вице-министр.

Райымқұлованың айтуынша, жылжымалы мәдени мұраны цифрландыруға бағытталған е-архив мемлекеттік бағдарламасы арқылы 9-10 ғасырдан бері келе жатқан тарихи, архив құжаттары, шығармашылық құндылықтарымыз кітапханада сақталып келеді.

«Жылжымалы мәдени мұра бойынша оператор – Ұлттық академиялық кітапхана. Қазір біз е-culture порталын әзірлеп жатырмыз. Портал жоғарыда айтылған жобаларды және мәдениет саласында цифрланған және цифрланбаған барлық деректерді біріктіреді. Оның ішіне «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы, еліміздің туристік тартымдылығы туралы деректерін енгізіледі. Былтыр да, биыл да пилоттық жобаға белгіленген сомада қаржы бөлінді», - деді Мәдениет және спорт министрінің орынбасары.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер