USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Күздің соңғы күні еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Фото: Вечерняя Астана

20 қарашада еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, республикамыздың солтүстік және батыс бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, аздап боран соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжауынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, аздап боран соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумақтарында жел жылдамдығы 18-23 м/с дейін жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында аздап боран соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көтайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады