USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Биыл 6500 адам құтқарылған

Фото: 24.kz

Қазақстандық құтқарушылар бүгін кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр. Осыған орай Астанадағы Конгресс-холл сарайының алдында арнаулы техникалар көрмесі өтті.

Төтенше жағдай комитетінің қызметкерлері жол талғамайтын көліктер мен өрт сөндіру техникасының үздік үлгілерін көпшілікке таныстырды. Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен құтқарушылар мен кәсіби салада ұзақ жыл тер төккен ардагерлер марапатталды. Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты. Қазақстандық құтқарушылар биыл 6500 адамның өмірін сақтап қалған.

«Бізге күн сайын көптеген қоңырау келіп түседі. Біз әрқашан адам өмірін құтқаруға дайынбыз. Қалада болсын, табиғатта, суда және тауда да», - дейді құтқарушы Данияр Данаев.

24.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады