USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

 Құрылысшылар EXPO павильонында кәуап пісірмек болған

«Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясындағылар «Астана ЭКСПО-2017» құрылыс алаңында кәуап пісіріліп жатқаны түсірілген суретке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Түрік кәуабына келсек, бұл шынымен 12 қыркүйек болған оқиға. «Астана ЭКСПО-2017" құрылыс дирекциясының мәліметі бойынша, «Сембол» компаниясының ұжымы Құрбан Айтты мерекелеген. Қызмет көрсетуге «Жасмин» түрік кафесінің кейтерингі шақыртылған, шеф-аспаз бен әкімшісі дәл құрылыс алаңындағы қазақ павильонында кәуап пісірген. «ЭКСПО» қауіпсіздік қызметі түтінді байқап, түрік жұмысшыларының бұл ісін тоқтатты. Мереке жалғасты, бірақ барбекю болмады», - деп түсіндірді болған оқиғаны «Астана ЭКСПО-2017» ҰК қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов.

Ол құрылысшылардың осындай әрекеттерге жиі баратынын айтты.

«Өрт те шықты, мұның барлығы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болған. Бірақ кәуап пісіруге қатысты жағдай алғаш рет тіркеліп отыр. Бұл жерде өрт қауіпсіздігінің техникалық ережелерінің 356-пункті бұзылған», - деді Куянов.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады