USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қуаныш Сұлтанов: Әлеуметтiк желiдегi сын көңiлiме тиедi

Астана атауын өзгертуге қатысты әлеуметтiк желiде айтылып жатқан сыни пiкiрлер Мәжiлiс депутаты Қуаныш Сұлтановтың көңiлiне тиедi екен. Оның айтуынша, ұсыныс-пiкiрдi сынауға болады, бiрақ жеке басқа тиiсуге болмайды, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Президент қалай қабылдауы керек едi? Мен осылай болуы мүмкiн екендiгiн бiлдiм... Өте байсалды, дұрыс қабылдады», - дедi Қуаныш Сұлтанов журналистердiң сұрағына жауап бере отырып.

Депутат осы күндерi әлеуметтiк желiде айтылып жатқан сынның көңiлiне тиетiнiн жасырмады.

«Бұл әркiмнiң құқығы. Бiрақ саяси мәдениет болуы керек. Пiкiрдi сынауға болады, бiрақ жеке басқа тиiсуге болмайды. Қандай да бiр идея, ұсыныс үшiн адамдарға тiл тигiзген жөн емес. Оның пiкiрiмен келiспей-ақ қойыңыз, бiрақ адамды бiлмей тұрып, ол туралы неше түрлi айтуға болмайды. Бұл бiзде саяси мәдениет жеткiлiксiз екенiн көрсетедi», - дейдi ол.

Айта кетейiк, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың атауын өзгертудің қажеті жоқ екенін айтты.

«Бәрі Астананы біледі. Бұл – бренд. Сондықтан оның атауын өзгертудің қажеті жоқ. Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының XXI ғасырдағы алғашқы саммиті өтті. Қысқы Азия ойындарын өткіздік. Енді ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді. Осының бәрін Қазақстанмен байланыстырады, бірақ бүкіл жерде Астана деп айтады. Оның атауын өзгертудің қажеті қанша?» - деді Елбасы.

Еске сала кетейік, Парламент депутаттары Астананың атауын өзгертіп, Елбасының есімін беруді ұсынған болатын.

Ұқсас сілтемелер:
01 Желтоқсан 2016, 17:36
Қос қуаныш тойланды
Пікірлер7
далдон
Мемлекет қамын шын жеген болсаңыз сол мемлекеттің иесі халық пен мемлекет меншігі жерді бір-біріне айдап салу әрекетін, соның салдарынан жерін қорғағысы келген азаматтардың жазықсыз запа шегуін тоқтатыңыз... Олар қылмыскер емес, ұры-қары емес, жең ұшынан жалғасқан жемқор емес, террорист емес, содыр емес бар айыбы жерді сатпайық дегені. Сіз де президенттің айтқанына қарсы шықтыңыз, Астананың "бренд" екендігін біле тұра басқаша атау туралы дауыс көтеріп, депутаттарды соған ұйымдастырдыңыз. Сонда сіздікі де Президент ұстанып отырған саясатқа қарсы келді гой... Жалпы, пенсияға шықсаңызшы, бәріміз үшін сол дұрыс болады, саяси "отын" жармай-ақ қойыңызшы...
казах
Алжыган адамдар кету керек ко немере шоберемен ойнауга ! Астананың атын өзгертуден баска өзекті мәселе жоқпа ?!
Әділет
Дұрыс айтасыз. Айтпас бұрын жақсылап ойлану керек. Оданда халқымыздың әл аукатын жақсарту тасилдерин ойламайма.
Nureke
Сенің жасағаның жағымпаздану, пікір білдіру емес. Оны тағы да халықтың қалауы ретінде көрсетуге тырысу - барып тұрған айуандық
Kazax
Маймонкелеп сен жаксы деп ...жагымсыгандардан аулах болыныз. Елбасы сiзге зор денсаулык тiлеймиз!
Альбина
Кешіріңіз аға, бірақ айтпас бұрын ойланып сөйлеу керек еді ғой))
Болатхан
Билік басындағылар, депутат ағадар елді мекен атауын ауыстырғыларыңыз келсеі онда алдымен повлодар мен петропавл атын өзгертіңіздер арине шамаларыңыз жетсе.

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады