BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қуандық Бишімбаев Елбасыдан кешірім сұрады

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сот залында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Экс-министр сотта өзіне тағылған айыптарға қатысты тек шындықты айтатынын әрі жіберген қателігі үшін халықтан кешірім сұрайтынын жеткізді.

«Менің бұл іске қатысым жоқ. Мұны біздің қоғамға және ең маңыздысы Қазақстан президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткізгім келеді. Осындай кәсіби деңгейге жетуім сол кісінің арқасы. Президенттің алдында кінәлі екенімді сезінемін. Сенім артып, жұмысқа шақырған азаматтар мені жарға жықты. Мен сол үшін жауап беремін. Олар мені және сенімімді пайдаланды. Сол үшін мен Елбасыдан, халықтан кешірім сұраймын. Осы жағдайға қарамастан мен әрқашан президентке берілген азамат боламын», - деді экс-министр сот залында.

Айта кетейік, 31 қазан күні Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев және аталған іске қатысы бар деп күдікке ілінген 22 азаматқа қатысты алдын ала сот тергеуі басталды. Бұрынғы министрге Қылмыстық кодекстің «Пара алу» - 366-бабы, 4-тармағына, сондай-ақ «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» - 189-баптың 4-бөлімі, 2-тармағына сәйкес айып тағылып отыр.

Осыған дейін Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Сейіт Рахманов пен Мәди Мырзағараев экс-министрге тағылып отырған айыптардың негізсіз екенін айтқан. Қорғаушылар тіпті Бишімбаев ісіндегі өрескел бұрмалаушылықтарды атап көрсеткен еді. Олардың айтуынша, Қуандық Бишімбаев соттың әділ өтетініне сенеді. Бұдан кейін сот Бишімбаевты қылмыстық жауапкершіліктен босатудан бас тартты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер