BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

ҚТЖ теміржол маңында қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ. Тәжірибе көрсеткендей, азаматтар темір жолды белгіленбеген орындардан алкогольдік масаң күйде, телефонмен сөйлесіп, не құлаққап киіп өтіп жатады. Жоғары қауіпті аймақта адамдар пойыздың шуын, не машинистің дабылын естімейді. Адамның өз-өзіне қол салуы үшін пойыз доңғалағының астына түсіп жататын оқиға да аз емес. Бұл туралы "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жарақат алудың қайғылы статистикасын автокөлік жүргізушілері де толтырып жатады. Өткелдерде олар қозғалыс қауіпсіздігі ережесін өрескел елемейді және өздерінің ғана емес, жолаушылардың өмірлерін қауіпке тігеді.

Азаматтардың пойыздар қозғалысы аймағында қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, теміржол бойында қараусыз мал бағуы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға зала мен шығын әкеледі. Локомотив зақымданады. Жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалыс кестесі бұзылады.

Теміржолшылар тұрақты негізде ауқымды түсіндіруде ақпараттық-ағартушылық жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл - ашық қауіпсіздік сабақтары. Өтпелерде, вокзалдарда және мектептерде кездесулер мен әңгімесулер өткізілуде. Қауіпсіздік жөніндегі бейнероликтер көрсетілуде. Арнайы жадынамалар таратылуда.

2018 жылдың басынан бері мамандар елді мекен тұрғындарымен 1600 астам рет кездесті. Шамамен 40 мың адам лекция тыңдады. Бұдан басқа, адамдар өтетін орындарда 1220 ескерту белгілері, шамамен 420 аншлаг жаңартылды.

ҚР ИДМ көліктік бақылаудың аумақтық органдары, полиция, БАҚ, көліктік прокуратура өкілдерінің қатысуымен Үйлестіру кеңесінің 40-қа тарта отырысы болды.

Теміржолшылар жолдарда апаттық жағдайлар жасамау қажеттігін, өз өмірлерің қауіпке тікпеуді сұрап, пойыздар қозғалысы аймағында болғанда ережені сақтауға үнемі шақырып келеді.

2018 жылдың басынан локомотив бригадаларының кәсіби іс-қимылдары арқасында теміржол бойларында орын алуы мүмкін қайғылы жағдайдың 92% алды алынды. Шамамен 730 тежегішті жедел басу рельстерде адамдардың шыға келуімен байланысты болды.

Өкінішке қарай, 60-80 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан 6 мың тонналық жүк құрамының тежелетін жолы 600-800 метрге дейін баратындықтан, пойызды бірден тоқтату мүмкін болмай қалатын кездер аз емес.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер