BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

КТК-ның операторы 8 күннен кейін табылды

8 күн із-түзсіз жоғалып кеткен КТК арнасының қызметкері Олжас Белгібаев аман-есен табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Алматы қаласының ІІД растады.

Дегенмен құзырлы орган оның не себепті жоғалып кеткендігі және қазіргі жағдайы қандай екендігі туралы мәлімет бермеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін КТК арнасының операторы Олжас Белгібаевтың жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.

Олжас Белгібаев Алматыдағы КТК және «Алматы» сияқты бірнеше телеарнада қызмет істеген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер