BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

«Кселл» компаниясы 670 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді

Фото: Atameken Business Channel

Бірінші инстанция соты «Кселл» тарапынан бұзушылық туралы Балиев мырзаның талабын қанағаттандырды және талапкердің пайдасына 670 млн теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Кселл» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта «DLConstruction» ЖШС-ның «Кселл» компаниясына жасаған шағымының жалпы сомасы 40 млрд теңге болып отыр. Ұялы байланыс операторы Данияр Балиевтің компаниясының талабымен келіспейді және сот талқылауының әділдігіне күмән келтіреді.

Данияр Балиевқа тиесілі «DLConstruction» ЖШС сотта «Кселл» АҚ және оның серіктесі «Terraline» ЖШС-нің «DLConstruction» ЖШС-ға берілген авторлық құқықтарды осы компаниялардың бұзғаны туралы талап қойды. «DLConstruction» ЖШС пікірінше, «Кселл» компаниясы және оның серіктесі MobiTV пакеттерінің біріне кіретін «Muzlife» телеарнасында 18 күн бойы 49 бейнебаян таратылып, компания авторлық құқықты бұзған, ал «MuzLife» телеарнасына берілген тарату құқығы сотта дәлелденбегенін айтты.

Бірінші инстанция соты «Кселл» АҚ байланыс операторы және «Terraline» ЖШС авторлық құқықты бұзды деп таныды және туындының әрбір шығарылымы үшін жалпы сомасы 670 млн теңге 1300 АЕК өтемақы өндіріп алуға шешім шығарды.

Қазіргі уақытта Данияр Балиевтың компаниясы «Кселл» АҚ-на жалпы сомасы 5 млрд теңгеден асатын сотқа дейінгі тағы 2 талап қоюда. Бұдан басқа, «DLConstruction» ЖШС «Кселл» АҚ-нан Балиев мырзаның компаниясына берілген барлық авторлық құқықтың ұялы байланыс операторының және оның серіктесінің тарапынан бұзылғаны үшін өтемақы ретінде 40 млрд теңгені өндіріп алуға ниеттеніп отыр.

«Кселл» АҚ авторлық құқық бұзушылықпен келіспейді. Компания сот шығарған шешімге шағымдануды жалғастырады және төмендегідей мәлімдеме жасайды:

«Кселл» АҚ ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс істейді және Қазақстанда авторлық құқықты қорғау саясатына толықтай жауап береді. 2 жыл бұрын компания өзінің және нарық алдына тұтынушы мінез-құлқын өзгертуге және авторлық құқығы сақталған заңды контентті тұтынуды қолжетімді, және ыңғайлы етуді мақсат етіп қойды.

Осы мақсатты іске асыру үшін «Кселл» АҚ тарапынан ҚР заңнамасына сәйкес барлық қажетті құжаттар жасалды. Осы құқықтық құжаттар, соның ішінде және барлық қажетті шарттар, «Terraline» ЖШС-і таратқан заңды контентке компания клиенттеріне қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

ҚР заңнамасы тұрғысынан алғанда «Terraline» ЖШС-нің контентке заңды қол жеткізуді қамтамасыз ететін барлық қажетті құжаттары бар.

Келісімшарт бойынша да Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, «MuzLife» телеарнасы пайдаланатын бейне контенттің авторлық құқықтарын сақтау жауапкершілігі өз хабарлар бағдарламасын қалыптастыратын осы телеарнаға жүктеледі және онда тек осы арнаға берілген қажетті құқық бойынша зияткерлік меншік құқығының объектілерін ғана қолдануға және енгізуге міндетті.

Сот Балиев мырзаға тиесілі компанияға берілген авторлық құқықты бұза отырып, бейнематериалды іс жүзінде таратқаны туралы бірде бір тиісті дәлел ұсынбады.

Данияр Балиевтің логикасына сәйкес, телеарна, телерадиохабарларын тарату операторы, біздің жағдайда сондай-ақ мобильді байланыс операторы рұқсат алуы міндетті және екінші және үшінші рет телеарна өзінің хабар тарату желісінде пайдаланған бейне контент үшін лицензиялық сыйақы төлеуі керек.

Сот органдарының осындай шешімдері мен әрекеттері елде авторлық құқықтың сақталуымен бірге заңды контенттің дамуына және таралуына теріс әсер етеді. Олар сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы халықаралық және ұлттық заңнаманың нормаларына қайшы келеді.

Компания туралы

«Кселл» АҚ ұялы дауыстық байланыс қызметтерін, сондай-ақ, қысқа хабарламаларды жолдау, мультимедиялық хабарлама алмасу, ұялы контентке кіру сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сонымен бірге, деректерді тарату, оның ішінде Интернетке кіру қызметтерін ұсынады. Компания нарықта екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер болып табылатын Kcell (оның ішінде мемлекеттік мекемелер) және қалың бұқара қауымға бағытталған Activ. Компания қызметтерін өзінің тарамдалған жоғары сапалы ұялы байланыс желісі негізінде ұсынады, ол іс жүзінде Қазақстан Республикасының бүкіл елді аумағын тұтастай қамтиды.

2012 жылдың желтоқсанында Компания Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарды) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларды орналастыруды сәтті аяқтады. Бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1578,68 теңге деңгейінде баға орнатылды, бұл кезде, бір GDR бір акцияға сәйкес келді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының 50 миллион дана акциясы көлемінде, яғни «Кселл» АҚ акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін акцияларды сатудан тұрды.

Болашақта «Кселл» АҚ Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуға ниетті. Компания желімен қамтуды кеңейту мақсатында 3G желісін дамытуға және 4G стандартының жоғары сапалы байланыс қызметтерін енгізуге инвестиция құюды жалғастыруды жоспарлап отыр. «Кселл» АҚ өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің сұрыпталымын кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, табыс көлемі мен абоненттердің саны бойынша мобильді байланыс нарығында өзінің көшбасшы орнын қамтамасыз етуге ұмтылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қыркүйек 2018, 19:11
Теңге нығая түсті
Пікірлер