BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Қосулы қалған үтікті енді сыртта жүріп сөндіруге болады

Мұндай мүмкіндік жасайтын тың технологияны отандық IT мамандары ойлап тапты, деп хабарлайды khabar.kz.

Ол «NB-IoT» деп аталады. Пилоттық жоба енді ғана жұртшылыққа таныстырылды. «Ақылды үй» жүйесіндегі газ, су, электр энергияның тұтынған көлемін қарапайым ұялы телефон арқылы көруге болады. Бастысы интернетке шығу мүмкіншілігіңіз болуы қажет.

- Қазіргі таңда біз 6 қондырғы ойлап таптық. Олар үйде орналасқан есептеуіш құрылғылардың жанына қойылады. 6 жылға дейін бір батареямен жұмыс істей алады. Олар есептеуіш құралдағы барлық көрсеткішті бірыңғай базаға жинақтайды. Оны ұялы телефонға арнайы қосымша жүктеп көруге болады, - дейді жоба құрастырушы компанияның бас директоры Таир Балбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер