BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Қорғаушы Ақжарқын Тұрлыбайдың созылған ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстандық дипломаттар ҚХР Гуанчжоудағы изоляторда отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайын біліп қайтты. Бұл туралы оның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«ҚХР, Гуанчжоу қаласында контрабанда қылмысы бойынша ісі қайта қаралып, тергеу изоляторында отырған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты айтамын. Сот отырысының болатын күні әлі күнге дейін нақты белгіленбеді. Белгілене салысымен Ақжарқынның отбасының бір мүшесімен бірге сот процесіне қатысу үшін бірден барамыз. Мұны жылдам жүзеге асыру үшін Қытай визасын алдын ала алып қойдық», - дейді Нұрмағамбетов.

Адвокат Ақжарқынды Отанына қайтаруға бар күшін салып жатқандарын айтады.

«Қажет болған жағдайда және мүмкіндік берілген жағдайда Қытайдағы қазақстандық дипломаттар Ақжарқынға барады. Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлерімен үнемі байланыстамын. Соңғы кездесу осы жылы наурыз айының басында өтті. Ақжарқын денсаулық жағдайы қанағаттанарлық жағдайда екенін және алдағы уақытта болатын үдеріске дайын екенін айтты. Бұдан басқа, тергеу изоляторы жағдайында іште пайдалануға арналған депозитті толықтыру мүмкіндігі берілді. Ақжарқын депозитке салынған қаражатқа өзінің көңілінен шығатын азық пен сусын алады. Төрт жыл бойы біз Ақжарқынның жағдайын жақсартуға және оны Отанына қайтаруға бар күшімізді салып жатырмыз», - дейді адвокат.

Еске сала кетсек, Ақжарқын Тұрлыбай 2017 жылы наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оны есірткі контрабандасы бойынша айыптаған. Кейінірек ол өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Алайда 2016 жылы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы өзгертіліп, іс қосымша сот қарауына жіберілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер