BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Көкпардан Көшпенділер ойындарына не себепті жастар командасы барғаны белгілі болды

Бекболат Тілеухан Көшпенділер ойындарына не себепті көкпардан жастар құрамасын апарғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Біздің спортшыларымыз бұл жолғы көшпенділер ойындарында жақсы өнер көрсетті. Жалпы, қандай спорт түрінен болсын, Қазақстанның бүкіл әлемге «спорт державасы» ретінде таныла бастағаны рас қой. Енді мына ұлттық спортта да қазақ спортшыларының мойыны озық шықты. Командалық есепте екінші орынды жеңіп алды. Қоржынымызды алтын, күміс, қола медальмен толтырып қайтқан барлық спортшыларға алғыстан басқа айтарым жоқ. Оның ішінде ұлттық спорттың аударыспақ, бәйге, жамбы ату, көкпар ойындарында жақсы нәтижелер көрсеткен азаматтарға мың да бір рахмет деймін» - деді ол

Сонымен қатар, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Президенті көкпардан не себепті жастар құрамасы барғанын түсіндірді.

«Біздің негізгі ересектер құрамасы барса, қырғыз командасын бәрібір ұтып кететіні анық қой. Сондықтан, көкпардың білікті бапкерлерінің, мамандарының кеңесімен осы жолы жас көкпаршыларымызды халықаралық жарыста бір сынап көруді ұйғардық. Атап айтып өтейін, Қырғызстанда ойнаған Қазақстанның жастар командасы. Бұл үлкен спортта бұрыннан бар тәжірибе – біз бұл көшпенділер ойындарына көкпардан жастар командасын жіберіп, олар да пісе берсін, олар да тәжірибесін жетілдіре берсін деп едік. Осы бір мақсатымыз орындалды. Барды. Ойнады. Өз деңгейінде ойын көрсетті» - дейді Бекболат Тілеухан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер