BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Қызылордада педагог қаланың мерейтойына орай анимациялық фильм түсірді

Фото: newtimes.kz

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, педагог-психолог, аудармашы Сымбат Абдрахманова өлкетану бойынша мультипликациялық фильм түсіру жобасын іске асырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Ақзира Қасымова айтты.

«Бұл Арал теңізінің тарихы мен мәдениеті туралы толықметражды мультипликациялық фильм. Сымбат Абдрахманова мақсаты бір актер, тарихшы, дизайнерлердің басын қосып, осы ойын жүзеге асырды. Бұл фильм Қызылорданың биыл аталып өтетін 200 жылдық мерейтойына арналады», - дейді Ақзира Қасымова.

Сценарий авторы да Сымбаттың өзі, ал анимациялық фильмді түсіруге «Bilim Foundation» қоры демеушілік еткен. Мультфильм «Ғажайып кілт» деп аталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер