BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қызылордалық полицейдің бейқамдығы желіде қызу талқыланды

Инстаграм желісінде оқырмандар қызу талқыланған видео жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Видео авторы Kyzylorda Times деген никпен белгіленген. Кадрда 1 қыз бен жігіттің жанжалдасып жатқанын көруге болады. Оларды арашалау үшін тағы бір қыз орталарында жүр. Қыз бен жігіт бір-біріне қол көтерді, дауыстары да қатты шықты. Осы сәтте полиция формасын киген ер адам оларды көрсе де, байқамағандай сыңай танытып, қастарынан өтіп кетеді.

Бұл өмірде шынайы болған оқиға ма, әлде қызық үшін түсірілген видео ма - ол туралы мәлімет жоқ. Тек today_kz парақшасы видеоның астына "Біздің полициямыз туралы қысқаша айтқанда" деп жазып қойған.

Ал желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Біреулері видео түсіріп тұрған адамды сынаса, екінші біреулері "әйелмен төбелесіп жатқан ер адамды жазалау керек" деді.

"Ол просто обедке кетіп баратр))) а так жумыс уакыты болса араласатын еді))))", - деп жазған да бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер