USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қырғызстан Мүфтияты ғалым Ә.Смановтың қазасына байланысты қазақ жұртына көңіл айтты

Қырғызстан Мүфтияты ғалым Әбсаттар Смановтың қазасына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына көңіл айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан мұсылмандары Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым Әбсаттар Смановтың қазасына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына, барша қазақ еліне көңіл айтады.

Алла Тағала марқұмның жанын Жәннаттан етіп, отбасы мен туған-туыстарына сабырлық берсін деп тілейміз!», – деп жазылған Қырғызстан мүфтиятының жеделхатында.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады