BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қырғыз жүк тасымалдаушылары тарапынан заң бұзу көбейді – ИДМ

Соңғы күндері Қырғыз жүк тасымалдаушылары тарапынан Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын бұзу фактілері жиілеген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше тек соңғы 2 күннің өзінде Қырғызстан Республикасының тасымалдаушыларына тиесілі тексерілген 212 автокөлік құралының 35-інен өрескел заң бұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, артық салмақ және габарит көрсеткіштері бойынша - 11, каботажды тасымалдау - 4, Қазақстанның рұқсат бланктерінің болмауы - 4 және басқа да 13 заң бұзушылық тіркелген.

Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар үшін барлығы 1 миллион 328 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, тұрақты емес жолаушылар тасымалдау рұқсаты жоқ 4 автобус айып тұрағына қойылды. Анықталған заң бұзушылықтар туралы ақпарат Қырғыз Республикасына жіберілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер