BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Кез келген жерде діни рәсімдерді орындағандар айыпұл төлейді

Рұқсат етілмеген жерлерде діни рәсімдерді орындауға тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Атырау орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дін басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі atyrautv.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы күндері әлеуметтік желіде жарияланған Ақтөбе қаласындағы №52 мектептің алдында қара хиджаппен намаз оқыған әйелдердің ісі атыраулықтарды да бей-жай қалдырмады.

Егер кез келген жерде намаз оқып, сәждеге жығылатындар анықталса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жазаға тартылады. Заңды бұзған жеке тұлғаға 113 мың теңге, ал мекеме мен ұйымдарға 453 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер