BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Келесі жылы Астанада 14 жаңа мектеп салынады

Астана, BAQ.KZ. Жаңа мектепті жобалау жаңартылған құрылыс нормалары және ережесі (ҚНжЕ) бойынша жүргізіледі, яғни мектептің құрылысын 1200 емес, 2500-3000 орынға лайықтап салуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Президент Жолдауын түсіндіру бойынша халықпен кездесу барысында айтты.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, таяу 5 жылда қалада 37 мектептің құрылысы мен 10 жапсарлас құрылыстың жұмыстары аяқталатын болады. Оның ішінде 4 объекті осы жылы пайдалануға беріледі. «2019 жылдың соңына дейін тағы да 14 объекті беріледі.

«Жаңа мектепті жобалау жаңартылған ҚНжЕ бойынша жүргізіледі, яғни мектептің құрылысын 1200 емес, 2500-3000 орынға лайықтап салуға мүмкіндік береді. Осылайша, біз 5 жыл ішінде астананың құрылғанына 20 жыл толса, соншалықты тұрғыда жаңа оқу орындарымен қамтамасыз ете аламыз», - деді Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Оның айтуынша осындай шаралардың арқасында осы жылы 11-ден 5 мектепке дейін үш ауысымды режимдегі мектептердің саны азайға. Келесі жылы үш ауысымды оқыту мәселесі толығымен алынып тасталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер