BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Келе жатқан қыс қандай болмақ?

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникация қызметінде ҚР Энергетика министрлігі "Қазгидромет" РМК алдағы қысқы кезеңдегі ауа райы болжамына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт пен Гидрометорталықтың Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева 2018 жылдың қараша айы мен 2019 жылдың наурыз айы аралығына арналған ауа райы болжамын айтты.

"Алдын ала болжам бойынша, қараша айында синоптикалық процесстің жиі алмасуына байланысты ауа райы құбылмалы болып, аязды және жылы күндер алма кезек ауысып, жауын-шашын болады. Ұйытқымалы жел соғып, түнгі және күндізгі уақыттары тұман түсіп, көктайғақ болады", - дейді Гүлмира Ақышева.

Қараша айының бірінші, екінші және үшінші онкүндігінің ортасында аяз айтарлықтай сезіледі. Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз -5... -10 градусқа, түнде -10...-20 градусқа төмендесе, оңтүстік жартысында күндіз 0... -5 градусқа, түнде -5... -10 градусқа төмендейді.

Желтоқсан айында суық антициклонның жиі енуіне байланысты ауаның орташа айлық температурасы 1 °С төмен және қар аз жауады деп күтілуде. Тек еліміздің батыс және шығыс өңірлерінде температуралық фон нормаға жуық және жауатын қардың мөлшері солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік облыстардың кей жерінде, сондай-ақ оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың тау және тау-бөктерлі аймақтарда нормаға жуық жауады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер