BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

ҚДТ экстремистік ұйым болып танылды

Фото: Kapital.kz

Бас прокуратура Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілдері соттан Мұхтар Әблязовтің ҚДТ ұйымын экстремистік деп тануды сұрады.

«Бүгін Астана қаласы Есіл аудандық соты аталған өтінішті толықтай қанағаттандырды. Сот ҚДТ ұйымын экстремистік деп танып, оның Қазақстанның барлық аумағында тарауына шектеу қойды. Сондай-ақ, телекоммуникация желісі, әлеуметік желілер, мессенджерлер және видеохостингтер арқылы ақпараттық материалдар таратуға және БАҚ-та қолдануға тыйым салынды», - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Лоскутова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер