BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

«Қазпошта» сәлемдеменің неге кешігіп келетінін түсіндірді

«Қазпошта» АҚ басқарма басшысы Сәкен Сәрсенов бүгінгі баспасөз мәслихаты барысында халықтың сәлемдеменің неге кешігіп келетініне қатысты шағымына жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Сәлемдемелердің жеткізілу мерзіміне қатысты. Бізде жеткізу қызметінің екі түрі бар. Біріншісі - қарапайым жеткізу түрі. Біз өткен 2017 жылы жеткізіп беру уақытын 16 күннен 6 күнге дейін қысқарттық. Иә, бір қалада тұрып жеткізіп беру уақытының кейде ұзаққа созылып кететінін мойындаймыз. Ондай мәселе жоқ емес. Бірақ бізде сәлемдемені жеткізу уақытының өз регламенті бар», - дейді Сәкен Сәрсенов.

Оның айтуына қарағанда елімізде кез келген сәлемдемені күнбе-күн жеткізіп беретін де курьерлік қызмет түрі бар.

«Бірақ бізде жеткізіп берудің өзіндік уақыты бар, яғни біз 6 күннің ішінде сәлемдемені тиісті адамына жеткізіп беруге тырысамыз. Әрине, біз бұл уақытты 3 күнге дейін қысқарту үшін алдымызға үлкен мақсаттар қойып отырмыз. Бұл жұмысты біз атқарып шығатынымызға сенімдіміз. Біздің тұтынушыларымыз алдағу уақытта компанияда үлкен өзгеріс болатынына сене берсе де болады», - дейді компания басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер