USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қазпочта клиенттерінің несиелерін өтеуге көмектеседі

«Казпочта» АҚ Post.kz-те тіркелгенген клиенттер арасында науқан өткізеді. Енді несиені post.kz арқылы төлеген кезде, клиент автоматты түрде «Несиелік демалыстар» науқанының қатысушысы болады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, айлық төлемі 150 мың теңгеден аспайтын кездейсоқ жеңімпаздың он екі айлық несиесін төлеп береді. Егер айлық төлем 150 мың теңгеден аз болса, онда компания айлық төлемнің баламалы сомасын аударады

Науқан аяқталған кезде, жеңімпаз Қазпочтаға несиені өтеу кестесі мен несиені алған шартының түпнұсқасы мен көшірмесін көрсету керек. Бұл құжаттар Post.kz сайтында төленген несиенің деректерімен сай болу керек.

Науқанның жеңімпазы 2016 жылдың 29 желтоқсанында random.org қызметі арқылы анықталады. Науқанға «Қазпочта» АҚ қызметкерлері және айлық төлемнің сомасын өзгерткен Post.kz қолданушылары қатыса алмайды.

Қосымша мәлімет www.post.kz сайтында.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады