BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Еңбек ері Кәмшат Дөненбаева дүниеден өтті

Қазақ халқының батыр қызы, даңқты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында жұмыс істеуден бастаған. Ол 1961 жылдан Қостанай облысы, Боровский ауданы "Харьков" совхозында механизатор болып еңбек еткен.

Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы "Каменьск-Уральский" кеңшарында механизаторлар дайындайтын курсты, Қостанай ауыл шаруашылық техникумын сырттай оқып бітірген.

1972 жылы қайырмасыз соқамен жер жыртуда әйел механизаторлар арасында өткізілген облыстық жарыста бірінші орынға, республикалық жарыста үшінші орынға, 1973 жылы Ростов облысындағы Зерноградта бүкілодақтық жарыста жүлделі орынға ие болған.

1973 жылы 26579 га, 1974 жылы 38158 га, 1975 жылы 37199 га жер жыртып, жылдық міндеттемелерін асыра орындаған.

Қазақ қыздарының ауыл шаруашылық техникаларын меңгеруіне үлгі өнеге болды.

Кәмшат Дөненбаеваға Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Құрмет дипломы жөне "Москвич" автомашинасы берілді. Ол СОКП XXV съезінің делегаты, IX сайланған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты (1974).

1990-1993 жылдары осы кеңшарда қауіпсіздік техникасының инженері, 1993 жылдан шаруа қожалығын басқарады. 1980-1985 жылдары КСРО- Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1976 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Екі рет Ленин орденімен, Құрмет белгісі орденімен марапатталған.

Кәмшат Дөненбаеваны жерлеу рәсімі ертең - 11 қараша күні өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер