Қазақстанның үздік құрылысшылары марапатталды - Қоғам|10 Тамыз 2018, 20:10
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қазақстанның үздік құрылысшылары марапатталды

Елімізде жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде Құрылысшы күні аталып өтеді. Осыған орай, бүгін елордада құрылыс саласының үздіктері марапатталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Құрылысшылардың кəсіби мерекесі қарсаңында Астанада өткен салтанатты жиынға сала мамандары жиналып, үздіктері марапатталды.

"Бүгін біз құрылысшыларды мейрамдарымен салтанатты түрде құттықтап, Қазақстан бойынша үздіктерді марапаттадық. Бес сала маманы "Құрметті құрылысшы" медалі жəне атағымен, 15 маман "Еңбек сіңірген құрылысшы" атағымен, 16 адам алғыс хатпен, осылайша барлығы 36 азамат марапатталды. Қазір елімізге құрылысшы мамандар өте қажет. Əсіресе, осы салада жоғары оқу орнында оқитын жастардың санын көбейту керек. Оларға жақсы білім беру қажет. Құрылысшы мамандығы ең қызықты мамандық деп айтуға болады. Өйткені, олардың еңбегінің нəтижесін біз күнде көріп жүрміз. Құрылыс саласы - аса құрметті, маңызды сала. Қазіргі таңда барлығына баспана керек. Ал, құрылысшылар осыған өз үлесін қосады", - деді Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Оның айтуынша, жалпы, құрылысшы мамандар ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосып келеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер