Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды - Қоғам|07 Тамыз 2018, 08:54
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің үш қаласында ғана ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, Ақтау, Көкшетау және Шымкент қалаларында ғана жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды. Қостанай, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал және Өскеменде ауа сапасына кері әсер ететін метеожағдайлар болмайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер