Қазақстанның екі аймағында дабылды ескерту жарияланды - Қоғам|09 Тамыз 2018, 22:13
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Қазақстанның екі аймағында дабылды ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның екі өңірінде аптап ыстыққа байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 10 тамызда күндіз Түркістан облысының кей жерінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел, 41 градус қатты ыстық күтіледі.

Сонымен қатар, дәл осы күні Қостанай облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан соққан желі, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Осыған орай қос өңірде дабылды ескерту жарияланды, оның ықтималдылығы 90-95 %.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер