BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Фото: sputniknews.kz

13 наурызда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 метр/секундке жетеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.

13 наурызда Қызылорда облысы мен Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуі мен нөлден жоғары ауа температурасының сақталуына байланысты жазық аудандарда қар еру, еріген ағынның пайда болуына әкеледі.

13-15 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр), кей жерлерде (Алматы облысы) болатын қатты жауын-шашын мұздық құбылыстардың әлсіреуі мен бұзылуына, арнаның қысылуына, таулы аудандарда баурайлы, жазық аудандарда еріген ағынның пайда болуына әкеліп соқтырады. Бұл өз кезегінде су деңгейлерінің көтерілуі мен судың жайылмалық аймақтарға шығуына әсер етеді.

14-15 наурызда Шығыс-Қазақстан облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), кей жерлерде қарқынды және облыстың оңтүстігінде оң температуралы ауа райының сақталуына байланысты қар еру үрдістерінің қарқынының артуына, өзен арналарының қысылуына, су деңгейлерінің жоғарылауы мен өзен жайылмаларына судың шығуына әсер етеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер