BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазақстанның бірқатар өңірінде ТКШ тарифтері өзгерді

Фото: superomsk.ru

2018 жылдың 1 қазанынан бастап еліміздің бірқатар өңірінде ТКШ тарифтері көтерілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлағанадай елімізде коммуналдық қызмет төлемі өзгерген.

Электр қуатымен жабдықтау ету құны тек Ақтөбе облысында көтеріліп, 3,1% құраған. Жылумен жабдықтау тарифтері екі облыста өскені байқалады: Қызылорда облысында – 3,4%, Шымкентте – 2,53%.

Сондай-ақ еліміздің кей аймақтарында тарифтер керісінше төмендетілген. Мәселен, Жамбыл облысында сумен жабдықтау 21,9%, ал су тарту 0,4% төмендеген. Электр қуатынмен жабдықтау Қарағанды облысында 3,7%-ға, ал Солтүстік Қазақстанда 0,84% төмендеген. Алматы облысында жылумен жабдықтау 16,3% арзандаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер