BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қазақстанның батысында ескерту жарияланды

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің дерегі бойынша, 10-11 мамырда Атырау облысының кей жерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында 10-11 мамырда солтүстік-шығыс желі (15-20 м/с) күшейеді, кей жерде найзағай ойнап, шаңды дауыл болады. Бұршақ түсуі ықтимал.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бейсенбі, 10 мамырда республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс және орталықта жауын-шашын болмайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер