BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады

12 маусымда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды; жел күшейіп, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді; дауыл, тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін; түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында күндіз жел соғып, шаңды дауыл тұрады.

Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Алматы облысының, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Павлодар облысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер