BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерде жаңбыр жауады, солтүстікте жекелеген аудандарда найзағай ойнап, дауыл соғып, нөсер жаңбыр жауады. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Казгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақмола, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерінде дауыл соғып, желдің күші 15-25 м/с-ға жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл тұрып, желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін; түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысы, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Түркістан, Қарағанды облыстарынының кей жерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстары, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер