BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің жеті қаласында жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің мәліметіне қарағанда, атмосфералық ауаның ластануы Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған және Шымкент қалаларында орын алады.

Онымен қоса, Алматы қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануы болжанады. Еліміздің қалған қалаларында жайлы метеожағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін еліміздің басым бөлігінде жел соғып, найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер