Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды - Қоғам|15 Мамыр 2018, 08:42
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

2018 жылдың 15 мамырында Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, яғни ауа ластанады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды мен Оралда метеорологиялық жағдай кешеден бері жайсыз болып тұр. Ақтауда, күндіз Астана мен Атырауда да метеорологиялық жағдай нашарлап, ауа ластанады. Қостанайда керісінше, метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың ыдырауына әкеліп соғады. Қазақстанның қалған қалалары бойынша синоптиктер қандай да бір өзгерістер болатынан болжамады.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалға (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) жасалатын болжам.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер