BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Қазақстанға ыдысты рұқсатсыз кіргізген өзбекстандықтар ұсталды

Фото: ҚР ҰҚК ШҚ

Астана, BAQ.KZ. Алтын бұйымдар мен керамикалық заттарды шекаран заңсыз өткізбек болған адамдар ұсталды. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі, «Оңтүстік» Өңірлік басқармасына қарасты «Шымкент авиа» тексеріп-өткізу пунктінде шекара наряды Түркиядан елімізге ірі көлемдегі алтын бұйымдарын кіргіскісі келген Өзбекстан азаматын ұстады.

"Стамбұл – Шымкент бағытындағы әуе рейсімен ұшып келген әйелдің өзін-өзі ұстауы шекарашыларға күдікті болып көрінді. Азаматшаның жеке заттарын тексеру барысында оның қол жүгінің арасынан алтын бұйымдар - 17 жүзік, 24 сырға және 5 дана кулон шықты. Ұсталу себебі – алып өтуге рұқсат етілген заттар мөлшерін асыру", - делінген ШҚ таратқан хабарламада.

Дәл осындай себеппен «Қазығұрт» тексеріп-өткізу пунктінің шекарашылары Өзбекстаннан біздің елімізге кірмекші болған үш Шевроле автокөлігін ұстады. Автокөліктердің жүргізушілері - Өзбекстан азаматтары. Үш автокөлікте де қымбат бағалы керамикалық ыдыс-аяқ тиелген. Жалпы саны - 2480 дана. Тәркіленген заттар актіленіп кедендік орындарға тапсырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер